Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 32,7%-ға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 32,7%-ға өсті

07.02.2023

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 32,7% - ға өсіп, 83 өңірде індет жұқтырғандар көбейді. 

Индира Бегайдар, тілші:

Қазір 65 өңірде коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханаларда орын жоқ. Инфекция анықталған адамның басым бөлігінде «омикрон» штамы болса, өте қауіпті «кракен» штамын жұқтыру бойынша екі дерек тіркелген.

Геннадий Онищенко, дәрігер-инфекционист:

80 млн адамға тұмауға қарсы вакцина салдық. Сонымен қатар 17 млн-ға жуық бала екпе қабылдады. Тұрғындардың басым бөлігін алдын ала дайындасақ та, індет дес бермей тұр. Бұл тұмау мен коронавирустың қосылуынан болуы да мүмкін.

Аурудың өршуіне дәрі жетіспеушілігі де себеп болуы мүмкін. Өйткені елде қажетті препараттардың бағасы аспандап кеткен. Жалпы пандемия басталғалы Ресейде 22 млн-ан астам адамнан коронавирус анықталған.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу