Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

13.02.2020
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 48,2 мыңға жетті.

Хубэйдің гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитінің хабарлауынша (12 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша), бұл провинцияда коронавирус жұқтырған 14840 адам тіркелді, 242 адам қаза тапты. Ауруханада 33693 адам жатыр, соның ішінде 5647 науқас ауыр халде.

Хубэй провинциясының билігі жаңа коронавирус жұқтырғандар санының бірден өсуін олардың қатарына жаңа әдіспен диагностика жасалған науқастар кіргенімен түсіндірді.

Соңғы деректер бойынша, қаза тапқан адамдардың жалпы саны - 1310.

Фото: REUTERS

Хабарламаларға жазылу