Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 3019-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 3019-ға жетті

28.04.2020

Қазақстанда бүгін коронавирус жұқтырғандардың саны 3019-ға жетті. Ал аталған дерттен жазылғандар қатары артып, 754 адам дертті жеңіп шықты. Өкінішке қарай, елде вирустің кесірінен 25 адам қайтыс болды. Соңғы сағаттарда тіркелген 37 жағдайдың көп бөлігі, яғни 12-сі Алматы облысында, 10-ы Алматы қаласында тіркелген. Қалғаны өзге өңірлерге тиесілі.

Ғалия ҚЫЛЫШБАЕВА 


Хабарламаларға жазылу