Байден Украинаға F-16 ұшағын бермейтінін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден Украинаға F-16 ұшағын бермейтінін мәлімдеді

31.01.2023

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға F-16 жойғыш ұшақтарын беру жоспары жоқ екенін мәлімдеді. Ақ үй басшысы журналистердің қойған сұрағына осылай деп жауап берген. Аталған ұшақтарды Украина Батыс елдерінен сұраған еді. Франция мен Польша бұған қатысты нақты шешім қабылдамағанын айтса, Германия қарсы шықты.

Ал өткен аптада Батыс елдері Киевке танк жеткізуге уәде етті. Үш айда Украинаға «Леопард» атты 100 танк, британиялық «Челленджер»-лер жетпек.

Мәскеу болса, бұл әрекет жағдайдың одан әрі өршуіне әкеледі деп мәлімдеді. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің сөзінше, Батыстың Украинаға қару-жарақ беруі қақтығыстың барысын өзгертпейді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу