Арменияда 18 жастан асқан ер адамдарға елден кетуге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арменияда 18 жастан асқан ер адамдарға елден кетуге тыйым салынды

30.09.2020

Таулы Қарабақтағы қақтығыстар төртінші күнге ұласты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі аймақтағы шабуылды тоқтатып, тараптарды келіссөз жүргізуге шақырып отыр. 

Әзірбайжан дүйсенбіде әскери міндеттілерді қызметке шақырған соң, жүздеген адам борышын өтеуге ерік білдіріп жатыр. Қосымша күштерді жұмылдыруға Армения мен Таулы Қарабақ та кіріскен. Ереван 18 жастан асқан ер адамдарға елден кетуге тыйым салды.

Кеше Армения өзінің Су-25 әскери ұшағын түріктің F-16 жойғыш ұшағы атып түсірді деп мәлімдеді. Соның салдарынан пилот қаза тапты. Әрі Ереванның мәлімдеуінше Түркия Сириядан 4 мыңдай сарбазды Әзірбайжанға көмекке жіберген. Алайда, Анкара да, Баку да бұны жоққа шығарып отыр.

Өмер Челик, Түркияның әділет және даму партиясының өкілі:
Түркия әскери ұшақты атып түсірді деген сөздер шындыққа жанаспайды. Бұл ойға қонымсыз. Анкара жиһадшыларды жіберді деген ақпарат та жалған.

Жансая Қапасқызы

Армения Әзірбайжан Таулы Қарабақ Түркия

Хабарламаларға жазылу