Байден конгрестен 100 млрд доллар бөлуді сұрамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден конгрестен 100 млрд доллар бөлуді сұрамақ

20.10.2023

АҚШ президенті Джо Байден бүгін Конгрестен Израиль мен Украинаға 100 млрд доллар бөлуді сұрамақ. Ақ Үй басшысы бұл туралы халыққа теледидар арқылы жасаған үндеуінде мәлімдеді. Жоспардағы соманың 60 миллиард доллары Украинаға, 14 миллиарды Израильге бөлінсе, қалған ақша Тайваньға және АҚШ-тың оңтүстіктегі шекарасында қауіпсіздікті арттыруға бағытталмақ. Бұған қоса Байден Израильді заңдарды бұзбауға, бейбіт халықты қорғауға үндеді. АҚШ президенті қарсыласушы тараптар «екі мемлекет» формуласына сай бейбіт келісімнен бас тартпауға тиіс деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу