АҚШ президенті Ресейге санкция жариялайтынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Ресейге санкция жариялайтынын ескертті

20.01.2022

АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы жағдай ушықса, Ресейді бұрын-соңды болмаған санкциялар күтіп тұрғанын мәлімдеді. Ақ үй басшысы бұл туралы баспасөз мәслихатында айтты. Байденнің пікірінше, Ресей билігі Украинаға қатысты нақты бір шешімге келген жоқ. Қазір олардың алдында дипломатияны немесе текетіресті таңдау мәселесі тұр.

Бұған қоса, Құрама Штаттар президенті Ресей Батыспен кең ауқымды соғысты қаламайды деп мәлімдеді. Ал, Украинаға шабуыл жасаса, оның зардабын тартатынын ескертті. 

Джо Байден, АҚШ президенті:  

Ресей Украинаға басып кірсе, біздің одақтастарымыз бен серіктестеріміз оның экономикасына айтарлықтай зиян келтіреді. Ресей банктері доллармен жұмыс істеуден қалады. Оның салдары өте ауыр болады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу