Елена Рыбакина бас жүлдені сарапқа салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина бас жүлдені сарапқа салды

28.01.2023

Бүгін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалында беларусь ойыншысы Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды.

2 жарым сағатқа созылған тартысты бәсекені тамашалауға Астана тұрғындары көптеп жиналды. Жанкүйерлер қазақстандық спортшыдан жеңіс күтті. Алғашқы сәтте 6 да 4 есебімен жеңіске жеткен Рыбакина қалған екі кезеңде өкінішке орай жеңіліп қалды. Арина Соболенко алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанса, Елена Рыбакина ұпайлар саны бойынша әлемде 10-ші орынға көтерілді. Бұл қазақстандық теннисшінің ірі додалардың финалына екі мәрте шығуы. Жанкүйерлер бүгінгі ойын оларға ерекше әсер қалдырғанын алға тартты.

Роман Светлый, жанкүйер:

Біз соңғы секундқа дейін күдерімізді үзбедік. Еленамыз өте жақсы ойын көрсетті. Тартысты ойын болды. Бірақ Арина тізгінді өз қолына алып, бұл турнирде жеңіске жетті. Әрине, Еленаға зор табыс тілейміз.


Хабарламаларға жазылу