Cемейлік дәрігерлер адам миынан алып паразитті алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cемейлік дәрігерлер адам миынан алып паразитті алды

18.01.2023

Cемейлік дәрігерлер 19 жастағы қыздың миынан операция арқылы үлкен паразитті алып шықты. Мамандардың айтуынша, оның көлемі науқас миының 3-тен бір бөлігін жайлап кеткен. Өте сирек кездесетін «ихинокок ісігі» жабайы аңдар мен жануарлардан жұғатын көрінеді. Қазір басына операция жасалған қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа, дәрігерлердің жіті бақылауында. Қазір мамандар зертханалық жолмен қыздың миында паразиттің қанша уақыттан бері болғанын анықтап жатыр.

Алтай Құлтуманов, нейрохирург:
Паразиттік ісіктің көлемі 6/7. Операция кезінде мидың ішінен маңдай бөлігінен алып шықтық. Операция жалпы 2 сағат болды. Бұл өте сирек кездеседі. Біздің өңірге тән емес ауру.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу