Семейлік шахматшы әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейлік шахматшы әлем чемпионы атанды

29.11.2019

Cемейлік шахматшы Болат Қабжанов Испанияның Торревьеха қаласында зағип жандар арасында өткен чемпионатта бас жүлдені иеленді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың халықаралық шахмат ассоциациясы мұндай сайысты алғаш ұйымдастырған. Әлемнің әр түкпірінен ең мықты гроссмейстерлер жиналған чемпионатта отандасымызға ешкім тең келмеген. Жеңімпазды салтанатты түрде семейліктер әуежайда күтіп алды. Көз жанарынан айырылған семейлік шахматшы осыған дейін де беделді әлемдік бәсекелерде топ жарған. Бұл жолғы жеңісін солардың ішіндегі ең беделдісі деп санайды.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу