Cемейлік полиция қызметкерлері апаттың алдын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cемейлік полиция қызметкерлері апаттың алдын алды

05.08.2021

Cемейлік полиция қызметкерлері өртеніп бара жатқан жүк көлігіне жедел көмек көрсетіп апаттың алдын алды. Оқиға кеше болған. Қаланың қақ ортасында кетіп бара жатқан Камаздың тіркемесіндегі жүк отқа оранған. Оны байқаған патрульдік полиция дереу жүргізушіге ескертіп, жанған көлікті қала сыртындағы қауіпсіз жерге соңынан ілестіре отырып алып шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше оттың өршуіне жол бермеген. Жүргізушінің өзі тиелген жүктің қалайша өртенгенінен бейхабар. Шұғыл көмектің арқасында көлікті де сақтап қалды.

 Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу