Cемейлік дәрігерлер адам миынан алып паразитті алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cемейлік дәрігерлер адам миынан алып паразитті алды

18.01.2023

Cемейлік дәрігерлер 19 жасар қыздың миынан операция арқылы алып паразитті алып шықты. Мамандардың айтуынша, оның көлемі науқас миының 3 тен 1 бөлігіні жайлап кеткен. Өте сирек кездесетін «ихинокок ісігі» жабайы аңдар мен, жануарлардан жұғатын көрінеді. Қазір басына операция жасалған қыз жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдай орташа. Дәрігерлердің жіті бақылауында. Қазір мамандар зертханалық жолмен паразит қыздың денесінде қанша уақыттан бері болғандығын анықтап жатыр.

Алтай Құлтуманов нейрохирург:

Паразиттік ісіктің көлемі 6 да 7. Операция кезінде мидың ішінен маңдай бөлігінен алып шықтық. Операция жалпы 2 сағат болды. Бұл өте сирек кездеседі. Біздің өңірге тән емес .


Е.Жақып

Хабарламаларға жазылу