Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында экспозициялық зал ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында экспозициялық зал ашылды

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында экспозициялық зал ашылды

Бейне қолжетімді емес

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Өлке мәдениеті және әдебиеті» атты экспозициялық зал ашылды.

Мұнда ақын-жазушылардың кітаптары, музыка әлемінде орны бар тұлғалардың аспаптары, өнерпаздар өмірінен сыр шертетін құжаттар мен олардың қолданған заттары қойылған.

Жалпы, жәдігерлер саны 700-ге жуық. Олардың ішінде көне домбыра, қобыз, сазсырнай сынды аспаптар, сонымен қатар, 241 құжат пен фотосурет бар.

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Бөлісу