Қарағандыда өрт болған үйдегі тұрғындар пәтеріне оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда өрт болған үйдегі тұрғындар пәтеріне оралды

11.01.2023

Қарағандыда өрт болған үйдегі тұрғындар түгел пәтеріне оралды. Көпқабатты үйге жарық қайта беріліп, лифтілер іске қосылды. Сегізінші қабатта тұтанған жалынды сөндіру кезінде төмендегі пәтерлерге су ағып, екеуіне айтарлықтай шығын келген.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарға барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды. Өрт кезінде 3 адам қайтыс болды. Олар өз бөлмелерінде ұйықтап жатқан. Денелерінде ешқандай жарақат белгілері жоқ. Ал терезеден секірген ер адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы орташа. Мамандардың болжамынша, ашық от осы тірі қалған азаматтың бөлмесінде тұтанған.

Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД бастығы:

Үш бөлмелі пәтердің жатақ бөлмесінде болған. Жаңағы тірі қалған, ауруханаға жеткізілген адамның бөлмесінде болған. Ол бөлмеде жиһаздары, киім-кешек, төсектері қатты жанып кеткен. Басқа бөлмелерде ондай қатты жанған белгілер жоқ. Мүмкін ол байқамай темекісін сөндірмей ұйықтап қалды ма, әйтеуір ашық от шыққаннан сондай жағдай пайда болған.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу