Қандастар мен елдің солтүстік өңірлеріне қоныс аударған азаматтарға берілетін біржолғы төлемнің биылғы сомасы белгіленді. Жалпы былтырға қарағанда өңірлік квота тағы 600-ге жуық азаматқа беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мәліметінше, биыл біржолғы төлемді 8652 адам алады. Аймақтарға көшу үшін отбасының әрбір мүшесіне 241 мың теңге беріледі. Бір отбасыға жыл бойы баспана жалдап тұруға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге – субсидия 51 мыңнан бастап 103 мың теңгеге дейін есептеледі. Өңірлер арасында әсіресе Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысына көбірек квата қарастырылған: 2,5 мыңнан асады. Сонымен бірге Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облысына да қоныс аудару үшін біржолғы төлем есептелетінін еске саламыз.
Ақерке Бектас