Ауа райының нашарлауына байланысты елдегі 115 жол учаскесі жабылды. Оның ішінде жүк көліктері мен автобустар жүретін республикалық маңызы бар 39 учаске бар.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Қазір Қарағанды облысындағы бекеттерде 57 автокөлік тұрып қалған. Сонымен бірге құтқарушылар 7 адамды эвакуациялаған. Оның бесеуі бала.
Ал уақытша жылыту пункттеріне 56 адам жеткізілген. Синоптиктер мұндай ауа райы алдағы бірнеше тәулікте сақталатынын хабарлады. Осы орайда төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Асылбек Данияр