Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

30.03.2015
Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

30 наурызда Қарағанды облысында күн райының бұзылуына (бұрқасын, көктайғақ) байланысты Қарағанды қаласынан көліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттар бойынша қозғалыс жабылды.

30 наурыз күні Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына (жолдың нашар көрінуі) байланысты «Қызылорда-Павлодар» күре жолының учаскесі (1135-1205 шақырымдар) және «Ботақара-Қалқаман» тас жолының учаскесінде (138-231 шақырымдар) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Жамбыл облысында 30 наурыз күні күн райының нашарлауы (қар, көктайғақ, жолдың нашар көрінуі) салдарынан «Алматы-Екатеринбор» күре жолының учаскесі (343-490 шақырымдар) мен «Алматы-Ташкент» тасжолының учаскесі (160-213 шақырымдар) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Хабарламаларға жазылу