![Павлодар облысында Майқайыңнан Баянауылға дейінгі жол жабылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47731.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодар облысында 12 сәуірде еріген қар суы салдарынан Майқайың кентінен Баянауыл кентіне дейінгі жол учаскесі («Ульянов-Керей-Үміткер» тас жолының 187-265 км) барлық көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.
Осыған дейін хабарланғандай, еріген қар суы салдарынан Қарағанды облысында: Қарағанды - Ақсу-Аюлы кенті («Екатеринбург – Алматы» тас жолының 1488-1610 км); Теміртау қ. - Ақмола облысының шекарасы («Астана-Рождественка-Киевка-Теміртау» тас жолының 266-51км);
Ботақара к - Павлодар облысының шекарасы («Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульянов» тас жолының 0-93 км); Топар к. - Жезқазған қ. («Қызылорда – Павлодар» тас жолының 906-433 км) учаскелері барлық көлік үшін жабылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында Майқайыңнан Баянауылға дейінгі жол жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/97415/)