Шығыс Қазақстанда көлік қатынасына шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда көлік қатынасына шектеу қойылды

02.03.2023

Кешелі бері еліміздің үш облысында ақ түтек боран соғып, көлік қатынасы қиындады. Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында республикалық маңыздағы үш жол учаскесі уақытша жабылды.

Ал Ақтөбе өңірінде Самара-Шымкент тас жолының облыс орталығынан Қарабұтақ ауылына дейінгі бөлігіне шектеу қойылды. Қобда ауданынан Батыс қазақстан облысына дейінгі аралық та жабылды. Үш өңірде жолды қардан тазартға 533 техника мен мыңнан аса адам жұмылдырылды.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу