Жетісу облысында қарақұйрық атқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында қарақұйрық атқандар ұсталды

04.01.2023

Жетісу облысының Қаратал ауданының аумағында қарақұйрық атқан үш азамат ұсталды.

«Охотзоопром» мемлекеттік мекемесі өкілдерінің аудандық полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шара барасында «Нива» автокөлігі тоқтатылып, жүк салғышынан екі мылтық және қызыл кітапқа енген үш жануардың өлексесі табылды.

Тергеп-тексеру барысында үш жігітте Алматы облысы Бақанас ауылының тұрғындары болып шықты. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу