Жетісу облысында «сұңқар» және «киік» табиғатты қорғау акциялары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында «сұңқар» және «киік» табиғатты қорғау акциялары басталды

11.08.2022

Елімізде «Сұңқар» және «Киік» табиғатты қорғау акциялары басталды. Шара аясында Жетісу және Алматы облысының табиғат қорғаушылары бірігіп, сұңқар мен бөкендерді сақтап қалу үшін бар күш жігерін салмақ. Себебі Оңтүстік Африкадан ұшқан сұңқарлар мен қаршығалар Жетісу аймағында балапандап күзде қайта жылы жаққа ұшады. Дәл осы кезде оңай олжа іздеушілер оларды аулауға тырысады. Сондай-ақ киіктердің бірнеше үйірі қыста Жетісу облысының солтүстік аймағына дейін келеді. Кейін сол маңды паналап қалады. Оларды сақтап санын арттыру үшін табиғатты қорғау полициясы мен прокуратурасы, аумақтық инспекция және «Охотзоопром» мамандары бірігіп ауқымды рейдтер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.

Мұхит Ақоев, «Охотзоопром» РМКҚ жануарлар дүниесін қорғау қызметі басшысының орынбасары:

Қызыл кітапқа енген арқар, қарақұйрық, сонымен қатар бөкен, кәсіптік маңызы бар жануарлар, заңсыз ағаш сындырған фактілер бойынша қазіргі таңда біздің жануарлар дүниесін қорғау қызметі бойынша 22 факт тіркеді.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу