Бір жыл ішінде Мәжіліс 154 заң жобасын қараған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір жыл ішінде Мәжіліс 154 заң жобасын қараған

30.12.2022

Мәжіліс қаңтар оқиғасының жай-жапсарын талдап-талқылауды жалғастырады. Оған қатысты мәселе депутаттардың ұдайы назарында болады. Палата төрағасы Ерлан Қошанов бүгін осылай деп мәлімдеді. Жыл ішіндегі оқиғалар мемлекеттің, қоғамның болмысы мен табиғатын түбегейлі өзгертті. Қаңтар оқиғасы ауыр сынақ әрі сабақ болғанын айтты. Жаңа жыл басындағы алғашқы жиындардың бірінде бұл мәселе тағы да арнайы қаралады деді. Жалпы, биыл Мәжіліс 154 заң жобасын қараған. Оның 93-і талқыланып, Сенатқа жолданды. Құжаттардың 75-не Президент қол қойды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
2022 жыл шын мәнінде сындарлы тарихи мезгіл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елде кең көлемді әрі батыл саяси реформаларды қолға алды. Бұл оң өзгерістерді Жалпыхалықтық референдумда азаматтарымыздың қызу қолдағанына бәріміз куәміз. Міне осы жолда депутаттар да ерен еңбек еткенін атап өткім келеді.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу