Лавров Киевке ультиматум қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лавров Киевке ультиматум қойды

27.12.2022

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға жер беру, қару тастау, нацизмнен бас тарту туралы ультиматум қойды. Бұл талаптар орындалмаса, аталған мәселелерді Ресей әскері шешетінін ескертті.

Алайда Киев Кремльдің бұл мәлімдемелерін негізсіз деп атап, елден Ресей әскері шығарылғанша, күресті тоқтатпауға бекініп отыр. Өткен тәулікте Ресейдің «Энгельс» әуе базасы тағы да дрондар шабуылына ұшырап, 3 адам қаза тапты. Алайда Украина үкіметі ол оқиға үшін мойнына жауапкершілік алған жоқ.

Ал Украина энергетикалық инфрақұрылымы бірнеше рет қиратылып, миллиондаған адам жарықсыз қалды. Майдан даласындағы ахуалға келсек, президент Владимир Зеленский Донецк облысындағы жағдайдың ауыр екенін хабарлап отыр.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Бахмут, Кременная және Донбастағы өзге аудандар қазір үлкен күшті және ұйымшылдықты қажет етеді. Ондағы жағдай өте қиын және ауыр. Басқыншылар қандайда бір нәтижеге қол жеткізу үшін барлық ресурстарын пайдаланып жатыр. Дегенмен біздің жауынгерлеріміз бекіністерін мықты ұстап, ештеңе жоғалтпауға күш салып отыр.
Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу