Ресей армиясы Киевке қайта соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей армиясы Киевке қайта соққы берді

06.06.2022

Ұлыбритания да Украинаға алыс қашықтыққа арналған зымыран жүйесін жөнелтіп жатқанын жариялады. Ол бір минутта 12 ракетаны 80 шақырым жердегі нысанға жеткізе алады.

Ал, Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Батыс мемлекеттері Киевті қаруландыруды тоқтатпаса, оның армиясы Украинада көздейтін нысандарын көбейтеді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров болса, Сербияға сапарын доғаруға мәжбүр. Себебі, Балқан түбегіндегі үш ел оның ұшағын өз әуе кеңістігінен өткізбейтінін ескерткен.

Жексенбі күні таңертең Ресей әскері сәуірден бері Киевке алғаш рет зымыранмен соққы берді. Ол шабуылдан 1 адам жараланған. Ал, Донбасстағы жағдайға тоқталсақ, Украина қарулы күштері Северодонецк қаласының жартысын қайта бақылауға алғанын жариялап отыр. «Би-би-си» Ресей Украинада 4-ші генералын жоғалтқанын хабарлады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу