Ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды мен Павлодар облысының арасындағы жол жабылды. Себебі қар жауып, бұрқасын болып тұр. Қарағанды облысындағы «Қызылорда-Павлодар» тас жолының Молодежный кенті аумағынан бастап Шідерті елді мекеніне дейін күрежол жабық. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға алысқа сапарға шығуды кейінге шегеруді ұсынуда.
Руслан Нұрланұлы