Әлем чемпионатында көзге түскен ойыншылар қымбат клубтарға ауыса бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионатында көзге түскен ойыншылар қымбат клубтарға ауыса бастады

20.12.2022

Биылғы турнирде сәтті өнер көрсетіп, көзге түскен жас ойыншыларға танымал клубтар қызығушылық білдіріп жатыр. Марокко құрамасының жұлдызына айналған Софьян Амрабат – Барселонаға ауысуы мүмкін. Қазір жартылай қорғаушымен каталониялық клуб келіссөз жүргізіп жатыр. Нидерланд құрамасының ойыншысы Коди Гакпо да, көпшіліктің көзіне түсті. Шабуылшыны Манчестер Юнайтед клубы өз қатарына қосқысы келеді. Ал Хорватия құрамасының қақпашысы Доминик Лива Кович те үздіктер қатарынан көріне білді. Қазір ойыншыны Мюнхендік Бавария шақырып отыр. 

Дархан Рахымжан 

Хабарламаларға жазылу