Кикбоксингтен Әлем чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кикбоксингтен Әлем чемпионаты аяқталды

02.11.2015
Кикбоксингтен Әлем чемпионаты аяқталды
Кикбоксингтен Қазақстан Ұлттық құрамасы Сербия астанасы Белград қаласында өткен Әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте 7 орыннан көрінді.

Жалпы әлемдік бәсекеге 60 елден 700-ден аса спортшы қатысқан. Ел намысын қорғаған спортшылар арасында ерекше көзге түскен Шыңғысхан Тілемесов 60 келіде үздік болса, 71 келіде бақ сынаған Саян Жакупов күміс жүлдеге ие болды. Ал, Нұркен Төлегенов пен Бауыржан Құдайбергенов қола жүлде алды.

Енді спортшыларымыз Ирландияда өтетін Әлем чемпионатына дайындалу үшін Семей қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу