Астанада қысқы спорт маусымы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қысқы спорт маусымы ашылды

19.12.2022

Елордадағы шаңғы-роллерлер тасжолында Тәуелсіздік күніне арналған қысқы спорт маусымының ашылуы өтті. Шаңғы жарысынан бастау алған шараға елордалықтар белсене ат салысты.

Астанадағы қысқы спорттық маусым бұқаралық шаңғы жарысымен басталды. Шараға 300-ге тарта қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Қысқы спорттық маусымның ресми ашылуына арнайы Ақмола облысы, Көкшетау, Ерейментау қалаларынан келгендер де болды. Себебі сайыс ережесінде шектеу жоқ. Кез-келген спорттық жабдығы бар қала тұрғыны бұқаралық жарысқа қатыса алады.

Самат Жылқыбаев – Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Старттық нөмірлер ересектер мен балаларға бөлек, жарыс басталмастан 30 минут бұрын берілді. Ал ең кішкентайы жарыс қатысушысы 7 жаста. Шара аясында шаңғы жарысынан бөлек, ұлттық спорт түрлерінен де сайыстар ұйымдастырылды. Жеңіс мақсат емес, спортты серік ету. Отбасылық қысқы демалыс түріне айналдыру дейді қала тұрғындары:

Қуаныш Рысбаев – жарысқа қатысушы:

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін спорттық іс-шаралар мен шаңғы жарысының жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және медальдармен марапатталды. Қысқы спорттық маусымда 100 ге тарта шара жоспарланған.


Хабарламаларға жазылу