Астанада дәстүрлі «Бұрқасын» шаңғы фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада дәстүрлі «Бұрқасын» шаңғы фестивалі өтеді

16.01.2015
Астанада дәстүрлі «Бұрқасын» шаңғы фестивалі өтеді

 

Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, қысқы маусым басталғалы елордада 12 іс-шара өткізілген. Қала тұрғындары мен қонақтары «Көңілді старт», коньки тебу және шаңғы жарыстарына қатысқан.

Сондай-ақ, Астанада 13 ашық мұз айдыны жасалды. Олар «Ақбұлақ» өзенінде, «Жерұйық» паркінде, Есіл өзенінде, сондай-ақ, 10 мектептің жанында орналасқан.

Сонымен қатар, биыл елордада 23 қысқы іс-шара өткізілмек. Оған студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, мектеп оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады деп жоспарлануда.

«Біз жоспарлаған іс-шаралар толық өткізіледі. Ақпан айының соңында «Бұрқасын» іс-шарасы ұйымдастырылады. Бұл спорт мектептері, жалпы білім беру мектептерінің әуесқой спортшылары, колледждер мен университеттердің студенттері қатысатын шаңғы спортына арналған фестиваль», - дейді Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Самат Кабдулин.

 

astana.kz

Хабарламаларға жазылу