Талдықорғанда жабық мұз айдыны ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жабық мұз айдыны ашылды

26.10.2023

Талдықорғанда жабық мұз айдыны ашылды. Жаңа нысан Жетісу өңірінде қысқы спорт түрлері, оның ішінде мұз айдынындағы спорттың дамуына тың серпін беремек. Спорт алаңының ауданы 1,5 мың шаршы метр. Бұл жерде хоккей, мәнерлеп сырғанау және шорт трек сынды олимпиадалық спорт түрлерінен жыл 12 ай жаттығуға болады. Халықаралық талаптарға сай салынған мұз айдынында сондай-ақ парахоккеймен айналысуға мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде тек Талдықорғанның өзінде қысқы спорт түрлерімен айналысуға мыңға жуық бала ниет білдіріп отыр.

Тоқтар Ахметов, Жетісу облыстық қысқы спорт түрлері федерациясының басшысы:

Қазақстан бойынша мұз айдындары барлық облыстарда бар. Бізде міне ашылып отыр. Осы жерде балалар күн түнімен дайындалып, үлкен жетістіктерге жетеді деп біз ойлаймыз.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу