Qatar-2022: Дауға айналған төреші шешімдері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qatar-2022: Дауға айналған төреші шешімдері

14.12.2022

Ала доп аламанында алаңдағы төреші шығарған шешімдерге күмәнмен қарап, талас туатын сәттер көп. ВАР жүйесіне жүгінгенімен, кей жағдайда шешім әділетсіз көрініп жатады. Биылғы біріншіліктегі даулы да, төрешінің күмәнді шешімдеріне шолу жасап көрейік.

Аргентина пайдасына берілген пенальтиге күмәнмен қарағандар көп. Себебі Ливакович ешқандай тәртіп бұзбады. «Өз алаңында допты күтіп алды», - дейді мамандар. Дегенмен бас төреші Орсато қақпашыға сары қағаз көрсетіп, пенальти белгіледі. Модрич италиялық қазы жөнінде «мен мұндай әділетсіз төреші көрмедім» деп пікір білдірді.

Ал Испания мен Жапония құрамаларының арасындағы ойында Танаканың соққан голы да дауға айналды. «Доп алаң жиегінен шығып кетті», - дейді жанкүйерлер. Алайда төреші голды есепке алды, Жапония жеңіске жетті.

Ал Криштиану Роналдудың Уругвай қақпасына соққан голы кейін Бруну Фернандешке жазылды. Себебі шабуылшының шашы ғана жанап өткен екен. «Сондықтан гол Бруну Фернандештың еншісінде», - дейді ФИФА басшылығы. Ал Роналду гол авторы менмін деп біраз таласқа да барды.


Хабарламаларға жазылу