Бразилия — Германия матчына мексикалық арбитр төрелік етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилия — Германия матчына мексикалық арбитр төрелік етеді

07.07.2014
Бразилия — Германия матчына мексикалық арбитр төрелік етеді

ФИФА Әлем чемпионатының бірінші жартылай финалдық матчындағы Бразилия мен Германия арасындағы ойынға төрелік ететін арбитрлар бригадасын жариялады.

Бас төреші – 40 жастағы мексикалық Марко Родригес.

Марко Родригес бұл турнирде Бельгия – Алжир және Италия – Уругвай кездесуіне қазылық етті. Айта кетейік, төреші екінші ойында Клаудио Маркизионы алаңнан қуып, Луис Суарестің қорғаушы Джорджо Кьеллиниді тістеп алғанын байқамады.

Хабарламаларға жазылу