Ерлер арасындағы Әлем чемпионатында алғаш рет әйел төреші қазылық етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлер арасындағы Әлем чемпионатында алғаш рет әйел төреші қазылық етеді

01.12.2022

Ерлер арасындағы Әлем чемпионатында алғаш рет әйел төреші қазылық етеді. Француыздық Стефани Фраппар Германия мен Коста Рика арасындағы ойынға бас төреші болып тағайындалды. Е тобындағы үшінші кезеңнің кездесуі бүгін Эль Баит стадионында өтеді. Қапталдағы қос төреші де әйел. Олар бразилиялық Неуза Бак және Карен Диас Медина. 2019 жылы УЕФА суперкубогының финалында да Фраппар бастаған топ төрелік еткен. Ал 2020 жылы ол Чемпиондар Лигасының, 2021 жылы әлем чемпионатына іріктеу матчында жұмыс істеген. Осылайша ол әлемдегі ең ірі турнирлерде қазылық еткен алғашқы әйел атанып отыр.

Месси - Альварес дауы

Әлем чемпионаты аясында тағы бір дау шықты. Мексикалық боксшы Сауль Альварес Лионель Мессиге сес көрсетті. Оған Аргентина капитанының Мексика ұлттық құрамасының жейдесін аяқ асты қылуы себеп. Альварес бұл жайтты құрметсіздік деп бағалап, әрекетін сынға алған. Әлеуметтік желідегі сөзталасқа даңқты боксшы Майк Тайсон да араласты. Ол Мессиге араша түсіп, оған біреу қол тигізсе рингке қайта оралуыма тура келеді деп жазды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу