Тәуелсіздік жылнамасы: 2009-2011 жылдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік жылнамасы: 2009-2011 жылдар

13.12.2022

Тәуелсіздік жылдары еліміз түрлі салада талай белестерді бағындырды. Қазақстанды әлемге танытқан түрлі оқиғалар болды. Еліміз үшін маңызды даталарға назар аударып, тағы бір жаңғыртып көрейік.

2009 жыл. 21-23 наурыз күндері Наурыз мерекесі тұңғыш рет ресми түрде 3 күн қатарынан тойланды. 3 тамызда «Жетіген-Қорғас» халықаралық теміржол құрылысы басталды. 12 желтоқсанда «Түрікменстан - Қазақстан - Өзбекстан - Қытай» газ құбырының қазақстандық бөлігі іске қосылды. 2010 жыл. 1 қаңтарда Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кедендік одақ жұмыс істей бастады. Елімізде халықаралық дәрежедегі тұңғыш білім ордасы - Назарбаев университеті ашылды. БҰҰ Семей полигоны жабылған күнді Халықаралық ядролық қарусыздану күні деп бекітті. Сонымен қатар, Наурыз мерекесін халықаралық халықтық мейрам деп таныды. 2011 жыл. 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Қазақстанда тұңғыш рет қысқы Азия ойындары өтті. Отандық спортшылар 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальді иеленіп, құрлықтағы 26 елдің арасында бірінші орын алды. 1 желтоқсанда Алматы метрополитені іске қосылды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу