Гавай аралдарындағы жанартаудың атқылауы әлі жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гавай аралдарындағы жанартаудың атқылауы әлі жалғасып жатыр

05.12.2022

Гавай аралдарындағы жанартаудың атқылауы әлі жалғасып жатыр. АҚШ-тағы Геологиялық қызметтің хабарлауынша, лава үлкен аралдың негізгі тас жолына жақындап қалды. Қазіргі қарқыны сақталса, үлкен даңғылға бір аптада жетуі мүмкін.

Салдарынан аралдың шығыс-батыс бөлігіндегі байланысты тұралатып, халықтың барыс-келісі қиындайды. Тынық мұхиты деңгейінен 4 мың метр биікте тұрған Мауна Лоа жанартаулар тізбегі соңғы рет 38 жыл бұрын атқылаған еді.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу