Гавай аралдарында жанартаудан қызған лава атқылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гавай аралдарында жанартаудан қызған лава атқылауда

24.05.2018

Гавай аралдарындағы Килауэа жанартауы әлі де белсенділік танытып жатыр. Таяуда одан тағы қып-қызыл лава атқылай бастады.

Апаттан осы вулканға жақын орналасқан Пуна ауданында 50 шақты ғимарат қирап, жолдар бұзылып, жарық өшкен. Себебі, лава жергілікті электр станциясына дейін жетіпті. Бұдан бөлек, бір адамның зардап шеккені белгілі. Ал, билік аймақтан 10 мыңға жуық тұрғынды эвакуациялаған.

Олардың өміріне қазір тек қызған магма ғана емес, сондай-ақ, ауаға тараған күкірт диоксидінің улы буы да қауіп төндіріп тұр.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу