Индонезияда Анак-Кракатау жанартауы қайта атқылауы мүмкін деген ескерту жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда Анак-Кракатау жанартауы қайта атқылауы мүмкін деген ескерту жасалды

28.12.2018

Сол себепті билік вулканға жақын шоғырланған халықты қауіпсіз жерге көшуге көндіріп жатыр. Айта кетсек, жанартаудың атқылауы өткен сенбіде цунамидің көтерілуіне себеп болған еді. Сол апаттан 400-ден астам адам қаза тапты. 1000-нан астамы жараналып, жүздегені жоғалып кеткен. Іздеу-құтқару операцияларына ауа райының қолайсыздығы кедергі. Анак-Кракатаудың белсенділігі күшейіп жатқандықтан, суда кеме-қайықтардың жүзуіне тыйым салынып, ұшақ бағыттары да өзгертілді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу