Гавай аралында жанартаудан алып тастар атқылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гавай аралында жанартаудан алып тастар атқылауда

17.05.2018

Гавай аралында атқылап жатқан Килауэа жанартауынан жан-жаққа пішіні микротолқынды пештей алып тастар шашылып жатыр. Жергілікті билік қазір осы тастар, лава және жерде пайда болып жатқан жарықтардың кесірінен қажет болған жағдайда тұрғындарды эвакуациялау мүмкін бола алмай қала ма деп алаңдап отыр. Себебі, басты жолдар жабылып қалуы ықтимал.

Есте болса, сәрсенбі күні Гавай аралдарындағы жанартау кратеріндегі жарылыстарға байланысты қауіптіліктің ең жоғарғы – қызыл деңгейі жарияланған болатын. Сондықтан, аймақта әуе қатынасы тоқтатылып отыр.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу