Атырауда 8 жасар бала екі жеткіншекті құтқарып қалды
Атырауда 8 жасар бала Жайыққа батып бара жатқан жасөспірімдерді құтқаруға көмектесті. Оқиға демалыс күндері қаладағы Балықшы және Жұмыскер елді мекендерін жалғайтын көпірдің маңында болды. Қос жеткіншек өзендегі қатқан мұз үстіне шыққан.
Сол кезде жұқа мұз ойылып, екеуі де суға түсіп кеткен. Мұны байқаған 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбай дереу көмекке келіп, екі жасөспірімнің бірін қолынан тартып құтқарып қалады.
Судан шыққан жасөспірімнің бірі екіншісіне жәрдемдеседі. Кейін ажалдан аман қалған екі баланың 14 және 9 жаста екені анықталған.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29