Қытайда коронавирусқа шалдыққандардың саны 24 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирусқа шалдыққандардың саны 24 мыңнан асты

19.11.2022

Қытай астанасы Бейжіңде демалыс күндері тұрғындарға үйде отыруға кеңес берілді. Себебі коронавирус жұқтырғандардың саны көбейген. Мұнда аурудың омикрон штамы белең алды. Осыған орай қаладағы қаржылық және дипломатиялық ауданда кәсіптік нысандар жабылып, кейбірі жартылай қызмет көрсетуге көшкен. Сондай-ақ тұрғындар жиі ПТР-тестін тапсыруға мәжбүр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қытайда ковидке шалдыққандардың саны 24 мыңнан асқан. Науқастардың кейбіреуінде инфекция симптомсыз өтіп жатыр. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу