Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны артты

09.11.2022

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны артты. Вирус елде сәуірдің 29-нан бері өршімеген еді. Соңғы деректерге қарағанда инфекция жұқтырғандар саны 8 мыңнан асты.

Бейжіңде коронавирус локдаунға алынбаған ауданнан табылған. Сол себепті қаланың көптеген тұрғыны күн сайын ковид тестін тапсыруға міндеттелді. Ел астанасынан бөлек Гуанчжоу және бірнеше ірі қалада ковид жұқтырғандардың саны артып отыр.

Бұл жағдай елдегі шектеу шаралары алынып тасталады деген үмітті сейілтіп отыр.  

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу