Коронавирустан 1380 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан 1380 адам қайтыс болды

14.02.2020

Қытайда тағы 5100-ге жуық адам коронавирус жұқтырып, 121-і қайтыс болған. Осылайша жаңа пневмония құрбандарының саны 1380-ге жетіп отыр. 

Қауіпті инфекция елдің провинциялық деңгейдегі 31 аймағына тарап, оны жұқтырғандардың жалпы саны 64 мыңға жуықтап қалды. Сонымен қатар, коронавирус әлемнің 24 елінде 450-дей адамнан табылды. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, COVID-19-дың жер шарына тарау деңгейі тез өсіп келе жатқан жоқ. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу