Қатар-2022: Лука Модрич көзге түсе алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Лука Модрич көзге түсе алмады

23.11.2022

Бүгін F тобының ойындары. Әуелі Морокко мен Хорватия құрамалары кездесіп, 2018 жылғы әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы Лука Модрич шаршы алаңға шықты.

Алайда алтын доп иегері әдемі ойын көрсете алмады. Қос команда бар болғаны қақпаға төрт рет қана тура соққы бағыттады. Басымдық Хорватия құрамасында болғанымен ойында есеп ашылмады. Қос команда бір бір ұпайдан ғана еншіледі.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу