Лука Модрич «Алтын допты» иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лука Модрич «Алтын допты» иеленді

04.12.2018

Парижде «Франц футбол» журналының ең үздік ойыншыға берілетін «Алтын доп» жүлдесі табысталды. Бапкерлер мен футболшылардың шешімімен биыл бұл жүлдеге Хорватия ұлттық құрамасының капитаны Лука Модрич лайық деп танылды. Биыл мамырда Модрич «Реал» сапында Чемпиондар лигасын ұтқан. Ұлттық құрамасымен Ресейдегі Әлем біріншілігінде финалға дейін жетті. Ал, қарашада ФИФА оны «Жыл ойыншысы» деп таныды. Осылайша, Модрич 2008 жылдан бері Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің кезектесіп ұтып келген жеңісті тізбегін үзген алғашқы спортшы атанып отыр. Осы уақытқа дейін португалиялық пен аргентиналық спортшы бес-бестен «Алтын допты» иеленген еді. Биылғы рейтингте Роналду екінші, Месси бесінші орында тұр. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу