Астаналық «Барыс» «Слован» клубынан ұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық «Барыс» «Слован» клубынан ұтылды

14.01.2017
Сырт айдында өткен кездесуде Братиславаның «Слован» командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның алғашқы кезеңінде қос команда тек шабуылдаумен болып, есеп аша алмады. Ал, ІІ кезеңде жергілікті команда «Барыс» қақпасына жауапсыз үш шайба соғып, алға шықты. Ойынның үшінші кезеңінде «Барыс» сапындағы Брэндон Боченски көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартқан. Алайда, «Слован» 54-минутта тағы бір шайба соғып, қорытынды есепті 4:1-ге жеткізді.

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу