«Барыс» келесі кезеңге өте алмады | Қазақстан жаңалықтары | «Қазақстан» РТРК АҚ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» келесі кезеңге өте алмады | Қазақстан жаңалықтары | «Қазақстан» РТРК АҚ

29.03.2014
«Барыс» келесі кезеңге өте алмады | Қазақстан жаңалықтары | «Қазақстан» РТРК АҚ
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінің екінші раундынан аса алмады. Елордалық ұжым уфалық «Салават Юлаевпен»  өткізген алтыншы ойында жеңіліп қалды.
 
Уфада өткен матч 3:2 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілді. Ойынның төртінші минутында Иван Вишневский есеп ашып, «Салават Юлаевты» алға шығарды. Ал 13-ші минутта Константин Руденко мен Николай Антроповтың пасын ұтымды пайдаланған Евгений Блохин таразы басын теңестірді.
 
Үшінші кезеңде Игорь Мирнов айдын иелерін тағы да алға шығарды. Араға 9 минут салып Антон Слепышев  есепті еселей түсті. Тек ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Найджел Доус есеп айырмасын қысқартты. Әрі қарай «Барыс» хоккейшілері көзге түсе алмады. 
 
Бұл - «Салават Юлаев» командасының төртінші жеңісі.  Енді уфалықтар Шығыс конференцияның финалында Магнитогорск қаласының «Металлург» командасымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу