Индонезияның Ява аралында алапат жер сілкінісінен қаза тапқандар 268-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияның Ява аралында алапат жер сілкінісінен қаза тапқандар 268-ге жетті

22.11.2022

Индонезияның Ява аралында алапат жер сілкінісінен қаза тапқандар 268-ге жетті. Олардың көбі – мектепте сабақта отырып, далаға қашып үлгермеген балалар.

Жан тәсілім еткендердің саны әлі де өсуі мүмкін. Өйткені 151 адам жоғалып кеткен. Мұны бүгін осы елдің Апат зардабын жеңілдету жөніндегі ұлттық агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, дүйсенбі күні болған қуаты 5,6 баллдық зілзаладан 1100-ге жуық тұрғын жараланды. Сонымен қатар, дүмпу кезінде таудан көшкен лай/ бірнеше ауылды басып қалып, 2200-ден астам үйді жермен-жексен етті.

Қазір апат жайлаған елді мекендерде іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Бұл жұмысқа полицейлермен бірге өзге де мекемелердің қызметкерлері жұмылдырылған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу