Индонезияның Ява аралында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 162-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияның Ява аралында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 162-ге жетті

22.11.2022

Индонезияның Ява аралында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 162-ге жетті. Марқұм болғандардың көбі - балалар. 326 адам жарақат алған. Опат болғандар мен зардап шеккендердің саны әлі өсуі мүмкін. Себебі құтқарушылар үйінділерді аршып біткен жоқ.

Іздеу-құтқару жұмыстарына жүздеген полиция қызметкері тартылған. 13 мың тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Дүмпу ел астанасы Джакартада да сезіліп, адамдар көпқабатты ғимараттардан эвакуацияланған. АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісінің қуаты - 5,6 балл. Оның эпицентрі аралдың батысындағы Чианджур қаласында 10 шақырым тереңдікте анықталған.  

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу