Филиппиннің Минданао аралында жер сілкінісінен 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппиннің Минданао аралында жер сілкінісінен 6 адам қаза тапты

11.02.2017
Филиппин аралдарының оңтүстігіндегі Минданао аралында 6,7 баллдық жер сілкінісінен 6 адам қаза тауып, 100-ге жуығы жараланды. Зілзала ошағы Суригао қаласынан 13 шақырым жерде орналасқан. Соның салдарынан аймақта жарық сөніп, көптеген ғимарат қирап қалған.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу