Батыс елдері Киевке тағы қару берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс елдері Киевке тағы қару берді

22.11.2022

Украина Еуропаның бірнеше елінен қару-жарақтың озық түрін алды. Ұлыбритания лазермен басқарылатын «Бримстоун» зымырандарын жіберді. Бұл ракеталардың әрқайсысы 175 мың фунт стерлинг тұрады. Люксембург Киевке «Хаммер» деген атпен танымал «Хамви» жол талғамайтын көліктерін жеткізген.

Ал Украинада Ресейдің шабуылдарынан кейін істен шыққан энергетикалық жүйе қалпына келген жоқ. Жарық елдің барлық облыстарында жоспарлы түрде өшіріліп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соның салдарынан қыс мезгілінде миллиондаған украиналықтың өміріне қауіп төніп тұр деп мәлімдеді. Сонымен бірге 19-20 қараша күндері Запорожье атом электр станциясына оқ жаудырылды. Бұл шабуылға екі жақ бірін-бірі айыптап отыр. 

Хабарламаларға жазылу